{metadescription}
0:000:00
42500: Кім қайтарады, кім ала алмай жүр, неге және зейнетақы қорындағы ақша  

42500: Кім қайтарады, кім ала алмай жүр, неге және зейнетақы қорындағы ақша  

42500 теңгені заңсыз алғандардан төтенше жағдайдан кейін бөлек жауап алынбақ. Ал соңғы төрт-бес күнде «42500 теңгені қайтармасаң, қылмыстық жауапкершілікке тартыласың» деп елді есеңгіреткен Еңбек министрлігі бұл әңгімеге қатысты бүгін соңғы нүктесін қойды. Қазіргі таңда төрт миллионға жуық адам әлеуметтік төлемді алып үлгерген. Алмағандары да баршылық. Сонымен, 42500 теңгені кімдер қайтаруы тиіс? Не себепті кейбірі ақшаны әлі ала алмай жатыр?

Сан сұрақтың жауабын тілшіміз іздеп көрді.

Коронавирус емес, қазір 42500 теңгеге қатысты ел арасында түрлі әңгіме желдей есіп жүр. Өткен аптада халықты қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп ескерткен министрлік бүгін басқаша әнге салды. Тіпті, әлеуметтің көбінде әлеуетінің төмен екенін айтқан Еңбек министрі 42500 теңге алғандарға «уайымдамай, жаратыңыз» деді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- 42 500 теңгені алғаны үшін, тіпті қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ, осыған нүкте қояйық. Біз жаппай тексеріп жатпаймыз. Жеке тұлғаларды, ресми, не бейресми болсын, жұмыс істеп жүргендерді үй аралап тексермейміз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сіздерге төленді ме? Алыңыздар, жаратыңыздар. Тексеру болса да, бізді тексереді.

Ал төтенше жағдай кезінде жалақысынан айырылмаған, бірақ, 42500 теңгені алғандарға заң – қатаң. Өз ойын жұмсартып жеткізгенді жаны сүйетін Нұрымбетовтің сөзінше, тұрақты айлық алып отырғандар ақшаны кері қайтарғаны жөн.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрып, жалақы алып жүргендер алса, заң бұзушылыққа алып келеді. Ол дұрыс емес. Ақша мемлекеттік сақтандыру қорынан төленіп жатыр. Сол қаражатқа жауапты болған соң, бұйрығы жоқ, ақысыз демалысқа жібермегендерге сұрау жасайды да, кейін қайтаруды талап етеді.

42500 теңгені алуға жалпы саны 7 миллиондай азамат өтініш берген. Алайда 3 млн-ға жуық қазақстандықтың өтініші мақұлданбаған. Арасында тіпті, қайтыс болғандар мен елден көшіп кеткендердің атынан өтініш бергендер бар.

Өтініштен бас тартуға бірнеше жағдай себеп:

  1. Көбі жеке сәйкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпеген. 160 мыңдай адам сондай қате жіберіпті.
  2. Өтініш берушілер банк реквизитін, яғни KZ деп басталатын есепшот нөмірін дұрыс көрсетпеген.
  3. Миллионнан астам азаматқа 12 ай ішінде жұмыс берушілер бірде-бір әлеуметтік төлем аудармапты.
  4. Мемлекеттік қызметкерлерге ақша берілмейді.

Ал әлеуметтік төлемді алып, керегіне жұмсағандар болса, екінші төлемді асыға күтіп жүр. Бүгінде 3 млн 960 мың адамға сақтандыру қорынан 157 млрд теңге төленген.

Асылбек Әленов:

Кино саласында жұмыс істеймін. Елде карантин басталғалы біздің де сала тоқтап тұр. Дүйсенбі жіберіп, сейсенбі күні түсті маған. Пәтер жалдайтындар бар, одан қалды несиелері бар. Ақшаны қалай тартса да, жетпейді. Ал енді басында пәтерақысы, кредиті жоқтарға, меніңше, 42500 теңге жетіп жатқан сияқты.

Министр Нұрымбетов елдің көкейінде жүрген зейнетақы қорындағы қаржының азайып бара жатқанына қатысты пікірін білдірді. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісті жеткілікті түрде іске асыра алмай жатқанымен байланысты екен. Айтуынша, бұған дейін сала мамандары мәселені түсіндіріпті-міс. Жалпы, жыры әлі таусылмаған 42 500 теңге бойынша Еңбек министрі бүгін халыққа жетінші рет брифинг өткізіп, әлеуметтік төлемді түсіндіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде