{metadescription}
0:000:00
ШҚО: Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр

ШҚО: Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында ірі қара белгісіз індеттен жаппай қырылып жатыр. Сиырлардың арасында аурудың тарағанына екі аптадан астам уақыт өтсе де, бәсеңдейтін түрі жоқ.

Күнен-күнге қырылып жатыр. Ауылды карантинға жаппайды. Білмеймін, не істеп жүргендерін.

Малмен жан бағып отырған ауыл тұрғындарының кейбірінің қорасы қаңырап бос қалған. Жұрттың айтуынша, белгісіз індет өршімес үшін ауылды карантинға жабу қажет. Өйткені өлген сиырдың саны 200 басқа жетіпті. Бірақ олар жергілікті билік бұл мәселеге келгенде асықпай отыр деп өкпелі. Тек ветеринарлар тұрғындарға малды сатуға, союға тиым салған. Дегенмен олардың өзі малдың неден арам қатып жатқанын дөп басып айта алмай отыр. Қазір мамандар арнайы коммисия құрылып, тексеріс басталғанын жеткізді. Өлген ірі қарадан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Ал оның қорытындысы осы айдың соңында белгілі болады. Сондықтан тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі әзірге белгісіз.

Әсет Абайбеков, «ҮРЖАР-ВЕТ» ММК директоры:

- Бүгінде ешқандай өтемақы береді деп айта алмаймыз. Өйткені мемлекеттен ауруға байланысты төленетіні және төленбейтіні бар. Қай ауруға жататынын білмей тұрмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде