Шымкенттегі карантинде сот пен полиция бөлімінің тап қасында дәмхана істеп келген
Шымкентте карантин режимін пысқырмай, кәсібін дөңгелетіп отырған кафе анықталды. Үлкен жолдың бойында орналасқан «Сарыарқа» деп аталатын дәмхананың тура қарсысында аудандық сот пен полиция бөлімі орналасып, погондылар тіпті клиенті боп келген.
Автор: Бек Әбиев
22.04.2020
Бұл видеоны кездейсоқ жүргіншілер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Дәмхананың ішінде топтасқан адамдар, жалпы саны 10-нан астам азамат жайбарақат ас ішіп отыр. Арасында тіпті полицейді де байқауға болады. Көбісінде бетперде де жоқ. Полиция бөліміне қарама-қарсы тұрған дәмхананың карантин тәртібін қашаннан бері бұзып келгенін ешкім айта алмады. «Бұл туралы енді білдік» - деген билік өкілдері, дәмхана қожайыны мен қызметкерлері айыппұл төлеп, не бірнеше тәулікке қамалуы мүмкін деп отыр.
Есімжан Заңқоев, Абай ауданы әкімінің орынбасары:
- Келемін дегенше, жаңа ішінде отырған адамдар кетіп қалыпты. Тек екі-ұш адам қалған. Олар «алып кетуге келдім» деп отыр. «Тамақ өнімдерін үйге жеткізіп берумен айналысып отырмын» деп, қаулыға сәйкес. Заңды бұзды. 476 баппен хаттама толтырылып, айыппұл салу-салмауды енді сот өзі шығарады. Біз өзіміздің міндетімізді атқардық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!