{metadescription}
Бес парыздың бірін өтей алмайтын азаматтарға...
Бес парыздың бірін өтей алмайтын азаматтарға...

Бес парыздың бірін өтей алмайтын азаматтарға...

Ертең он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қауіпсіздік үшін күллі мұсылман қауымына онлайн уағыздар ұйымдастарып, Ораза айын оңтайлы өткізуді ұсынып отыр. Сондықтан ауыз бекітуге ниет білдірген жандарды мешітке бармай-ақ, үйде отырып құлшылық қылуға шақырады.

Биыл мешіттерде бұрынғыдай ауызашар дастарханы жайылмайды. Алла үйінде тарауық намазы да оқылмайды. Мүфтияттағылар карантин режимінде қонақ шақырып, ауызашар бермеген абзал дейді. Ал сауап жинағысы келген жұртқа жағдайы төмен отбасылар немесе көп балалы аналарға азық-түлік әперуге болатынын айтады.

Аузы берік адамдарға мейрамханалар арқылы тамаққа тапсырып беру құптарлық іс. Әр мұсылман ертең таңсәріде ауыз бекітуі тиіс. 30 күнге созылатын Ораза мамырдың 23-інде аяқталады. Оның соңы мұсылман әлемінің ұлық мейрамы – Ораза айтқа ұласады. Ал мамырдың 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадыр түні. Биыл пітір садақа жан басына шаққанда 370 теңге деп бекітілді. Бес парыздың бірін белгілі себептерге байланысты өтей алмайтын азаматтарға фидия садақасын төлеу міндеттеледі.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы:

Елімізде созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға рұқсат. Бірақ оларға хидия садақасын төлеу міндеттеледі. Фидия садақасы дегеніміз бір күндік міскінді тойдыру. Елдегі асханалардағы тағам бағаларын зерттей келе, ғұламалар кеңесі хидияның көлемін 1700 теңге қылып бекітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде