{metadescription}
Дәрігерлерге тиесілі үстемақы жүйеде жоқ адамдарға төленген
Дәрігерлерге тиесілі үстемақы жүйеде жоқ адамдарға төленген

Дәрігерлерге тиесілі үстемақы жүйеде жоқ адамдарға төленген

Covid-19-бен күні-түні күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлер тиесілі үстемақысын ала алмай отыр. Өйткені мемлекеттен уәде етілген қомақты қаржы басқа қызметкерлерге, тіпті жүйеде жоқ адамдарға төленген. Енді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өрескел қателікті түзетпек.

Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы:

- Жүргізілген талдаулар нәтижесінде өңірлік комиссиялар Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес келмейтін заңсыздыққа жол берген. Қауіптілік тобы, жұмыс уақытының айлық балансы асыра көрсетілгендіктен, төлем сомасы да азайған. Параклиникалық бөлімше қызметкерлеріне үстемақы аударылмаған. Төлем ақпараттық жүйеде жоқ қызметкерлерге төленген.

Үстемақы толығымен төленбегендерге қор комиссия қарауынан кейін ақшаларын қосады. Ал артық төленген болса, ол қаржы жергілікті бюджет пен медициналық ұйымдардың бюджетіне қайтарылуы тиіс. Шенеуніктердің есебінше, эпидемияға қарсы тартылған медициналық қызметкерлердің 17 мың 425-і сыйақы алып үлгеріпті. Басым бөлігі – Алматы мен Нұр-Сұлтанда. Ал сәуір айында олардың саны екі есеге артпақ. Ақ халаттыларға қойылар басты талап – жұмыс уақытының қажетті саны болуы шарт.

Марат Шоранов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасының орынбасары:

- Наурызда 17 мыңнан астам медициналық қызметкер жалақыларына қосымша ақша алған. Бірақ, сәуір айында біз қазір өзіміздің жоспар бойынша, министр айтқан көрсеткіштерге шығамыз. Одан көп медициналық қызметкерлердің барын да көріп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде