{metadescription}
Министрлік: Кәсіпкерлік саласындағы банкроттыққа әлі ерте  
Министрлік: Кәсіпкерлік саласындағы банкроттыққа әлі ерте  

Министрлік: Кәсіпкерлік саласындағы банкроттыққа әлі ерте  

Карантиннің кесірінен жергілікті бюджет айтарлықтай кірістен қағылады. Мәселен, былтыр сәуір айында еліміздегі шағын және орта кәсіп субъектілері 2 триллион 200 миллард теңгенің өнімін өндірсе, биыл ол межеге жетпей тұр.

Төтенше жағдай режиміндегі бірқатар шектеулер кәсіпкерлікті тығырыққа тірегені анық. Салықтық жеңілдіктер мен басқа да төлемдердің шегерілуінен жергілікті бюджет 230 миллиард теңгелік кірістен қағылады екен. Карантиннен көк тиын кіріссіз қалған бизнесмендер шырылдап жүргенімен, Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы банкротқа ұшырау қаупі туралы айту әлі ерте деп отыр. Ал салықтық жеңілдіктің өзі барлық бизнес түріне көрсетілмейді. Бар болғаны 29 кәсіп саласы осы жеңілдіктің шарапатын көріп отыр. Егер барлығын салықтан босатса, мемлекеттік қазынаның өзі бос қалуы мүмкін.

Шыңғыс Ахметов, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры:

- Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік қолдау шаралары берілмейтін кәсіпкерлік субъектілері де бар. Мысалы, бұлар – аксизделетін өнім өндіру және көтерме сауда, лотерея ойнату, ойын бизнесі, банктік қызметі, аудиторлық қызметі. Осындай қызметтің 12 түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде