{metadescription}
Өмірден түңіліп, өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды
Өмірден түңіліп, өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

Өмірден түңіліп, өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

Ажалдан аман қалды! Елордада суицидке оқталған бойжеткенді полицейлер құтқарып қалды. Өмірден түңілген қыздың әрекетін элиталық «Нұрсая» кешені тұрғындарының бірі мен полицей ұялы телефонға түсіріп алған.

Таңғы сағат сегіз шамасында өз-өзіне қол салмақ болған бойжеткен алтыншы қабаттың балконынан «секіріп өлемін» деп байбалам салады. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер райынан қайтармақ болғанымен, қыз көнбеген. Сол мезетте тәртіп сақшыларының бірі жерде қалып, екіншісі көршісімен бойжеткеннің үйіне беттейді. Есігін бұзып кіріп, тәртіп сақшысы терезе алдында отырған қызды алдап, белінен шап берген. Секірмек болған 24 жастағы тұрғын қатты күйзелісте жүр екен. Бірден мән-жайды түсіндіруге полиция басқармасына жеткізілді. Ал қызды құтқарып қалған полиция қызметкерлері марапатталады.

Эльмира Шәуленова, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

- Оқиға орнына үш минуттың ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Полиция қызметкерінің бірі төменде қалды, екіншісі жоғары қабатқа көтерілді. Есік осы уақытта жабық болған. Есікті бұзып кірген полиция қызметкері алдымен қыздың белдігінен, кейін аяғынан тартып, аман алып қалды. Полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларын марапаттауға ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде