{metadescription}
Өскемен шетіндегі егістің 280 гектары күлге айналды
Өскемен шетіндегі егістің 280 гектары күлге айналды

Өскемен шетіндегі егістің 280 гектары күлге айналды

Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей өрт тұтанып, төтенше жағдайлар қызметін әбден әбігерге салды. Өскемен шетіндегі егіс алқабы отқа оранған. Желдің күшінен екпін алған қызыл жалын 280 гектар аумақты күлге айналдырды. 

Егіс алқабынан шыққан өрт түскі сағат он екі кезінде басталған. Ал өрт сөндірушілерге тілсіз жауды бірден ауыздықтап қалу мүмкін болмады. Қатты желден тез тараған жалын тіпті маңайдағы саяжайларға тарап кете жаздаған. 80 адам жабылып жүріп, үйлерге шамамен 50 метр қалғанда отты толық сөндіріпті.

Ал Семей орман резерватына қарасты қарағайлы алқап өртеніп жатыр. Қазірдің өзінде 100 гектар жер отқа оранған. Онда да желмен құтырған от төтеншеліктерге ырық беретін емес. Қарағайлы орманды құтқару үшін тік ұшақ жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде