{metadescription}
Блок-бекетте көлік қағып кеткен полицейдің жамбасы сынып, миы шайқалды
Блок-бекетте көлік қағып кеткен полицейдің жамбасы сынып, миы шайқалды

Блок-бекетте көлік қағып кеткен полицейдің жамбасы сынып, миы шайқалды

Ақтауда блок-бекетте тұрған тәртіп сақшысын көлік қағып кетті. Ол жүйткіп келе жатқан көлікті тоқтатпақ болған. Полицейді қаққан жүргізуші кезекшілікте тұрған адамды «байқамай қалдым» деп ақталып отыр.

Карантинге қарамастан қас қарая көше кезіп, бөгеттен өтпек болған 54 жастағы тұрғын екен. Ол қымбат көлігімен алдынан шыққан тәртіп сақшысын қағып өтеді. Кезекшілікте тұрған 22 жастағы полицейдің жамбасы мен сүйектері сынып, миы шайқалған. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал үйіне асыққан жүргізушіні әзірге қолхатпен жіберген. Көлігін айып тұрағына қойды. Қазір оған қатысты адам қаққаннан бөлек, карантин тәртібін бұзғаны үшін де қылмыстық іс қозғалды.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық ДСБ баспасыөз хатшысы:

Жол сақшысын жараланғаны туралы анықталды. Сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген болатын. Бас миы шайқалған, аяғы жарақаттанған, сонымен қатар мойны тағы бір жерлері жарақаттанғаны туралы дәрігер-фельдшерге айтып берген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.