{metadescription}
Полицейлер мен әкім қаралар пайда табуға әбден дәндеп алған
Полицейлер мен әкім қаралар пайда табуға әбден дәндеп алған

Полицейлер мен әкім қаралар пайда табуға әбден дәндеп алған

Төтенше жағдай талаптарын қадағалауы тиіс полицейлердің және әкім қаралардың өзі пайда табуға әбден дәндеп алған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында полиция шендісі блок-бекеттерден ары-бері өтуді бизнес көзіне айналдырып, 1 миллион 300 мың теңге пайда көрмек болған. 

Қуаныш Жапақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

 

- Солтүстік Қазақстандағы аудандардың біріндегі полиция бөлімінің бірінші орынбасары қолға түсті. Ол Төтенше жағдай режимін пайдаланып, блок-бекеттерден өткісі келгендерден пара алған. Ал Маңғыстау облысының полицейлері карантин кезінде шетелдіктердің осы өңірде жезөкшелікпен айналысуына ауыз бастырық алып отырған.

Карантиндің табыс көзі етіп алған полицейлер ғана емес, жергілікті әкімдік қызметкерлері де бар. Мәселен, Петропавлда әкімдікте жұмыс істейтін маман блок- бекеттерден еш кедергісіз өту үшін 50 мың теңге пара алған. Өзі тіпті COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шұғыл штабтың құрамында болыпты.

 

Шымкентте шектеулерді елемей жүру құны 20-25 мың теңге аралығында екен. Мұндай бағаны жергілікті полицейлер белгілеген.

 

Қуаныш Жапақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

 

- Шымкент қаласында жол патрульдік полициясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы карантин кезінде блок-бекеттерді елемей жүруге кәсіпкерден 25 мың теңге пара алған.  
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.