{metadescription}
Дерттің елдегі екпіні қатты: 56 жастағы әйел көз жұмды  
Дерттің елдегі екпіні қатты: 56 жастағы әйел көз жұмды  

Дерттің елдегі екпіні қатты: 56 жастағы әйел көз жұмды  

Кесел тағы бір адамның өмірін жалмады. Алматыда коронавирустан 56 жастағы әйел көз жұмды. Ал Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған отандастырымыздан індет табылды. Оған қоса кеше ғана Ресейден оралған студенттердің де вирус жұқтырғаны анықталды. Дерттің елдегі екпіні қатты. Соңғы бір тәулікте 116 адамнан коронавирус расталды.

23 сәуірде коронавирусқа шалдыққан жиырмасыншы науқастың жұлдызы өшті. Қаралы хабарды Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы жеткізді. Осыдан алты күн бұрын ауруханаға түскен 56 жастағы науқастың басқа аурулары асқынуының салдарынан таңғы жетіде жүрегі тоқтады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы:

- Оның созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, қант диабеті, пневмония сияқты қосымша аурулары болған. Кеше өкпені жасанды желдету тиімсіз болды. Жүргізілген емге қарамастан қан айналымы тоқтады.                                             

Коронавирус Қазақстанда тіркеле бастаған 40 күннің ішінде 20 науқас бұл өмірмен қош айтысты. Көрінбейтін кеселдің алдында дәрігерлердің өзі де дәрменсіз. Өйткені Алматыда вирус жұқтырғандардың жартысынан көбі – ақ халаттылар. Дерт дендеген облыстардың арасында статистиканың соңында келе жатқан Шығыс Қазақстан облысында бүгін 3 азаматтан  осы аурдың белгісі анықталды. Екеуі – Семейдің, біреуі – Өскеменнің тұрғыны. Араларындағы егдесі 71 жаста. Олармен байланыста болған адамдардың бәрі карантинге жатқызылды.

Ал Ресейден Ақтөбе облысына өтпек болған алты отандасымыздың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар – Ақтөбе мен Түркістан облысының қтұрғындары. Көрші елде кесел өршіп тұрған соң қайтамыз деп шешкен.

Айта кетейік, кеше ғана Ресейден 300-ге жуық студент Ақтөбеге оралған еді. Олардың тоғызы да вирустың торына түскен болып шықты. 

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Барлығы қазір арнайы бос палаталарға ауыстырылды. Қажетті көлемде вирусқа қарсы симптоматикалық емнің бәрі жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда олардың жағдайы біздің дәрігерлердің қанағаттанарлық деп бағалануда.

Жағымды жаңалық та жоқ емес. Бүгін сауыққандардың тізімі 34 адамммен толықты. Оның 16-сы  – Қызылорда облысында. Осылайша ақ халаттылар 549 науқастың өміріне араша түсті. Соңғы статистика бойынша елде коронавирусты 2251 адам жұқтырып, жиырмасы көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде