Көктемгі дала жұмыстарына бюджет қаражаты 10 миллиардқа ұлғайды
Еліміздің жеті өңірінде егіс науқаны басталып кетті. Қазірдің өзінде оңтүстік аймақта 800 мың гектар жерге дәнді дақыл себіліп қойған. Төтенше жағдайға қарамастан іске кіріскен шаруалардың көздейтіні – арық сөйлеп, семіз шығу.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.04.2020
Ал салалық министрлік: «Карантин кезінде шаруаларға бар жағдайды жасап жатырмыз» - деп ақталды. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге фермерлердің бірыңғай жүріп-тұру алгоритмін әзірлепті. Өйткені бұған дейін олар блок-бекеттерден өте алмай жүрген-ді. Енді еш кедергі жоқ. Қандай да бір түсінбеушілік туса, оны құрылған шұғыл штаб шешіп бермек.
Үкімет фермелерге бірқатар жеңілдік қарастырып, арзан жанармаймен қамтамасыз етіп отыр. Айтып өту керек, дизель отынының бағасы қазір 158-159 теңгеден сатылуда.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Өңірлер арзандатылған жанар-жағармаймен, тұқыммен және тыңайтқышпен қамтамасыз етілген. Техникалар дайын. Егіс жұмыстары бұрын-соңды болмаған карантин жағдайында өткізіліп жатқанын атап өту қажет. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі 10 млрд теңгеге ұлғайды. Былтыр 60 млиллиард болатын, биыл – 70 млрд теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!