{metadescription}
ДДҰ өкілдері коронавирус тіркелмеген Орталық Азия елдерін аралап қайтпақшы
ДДҰ өкілдері коронавирус тіркелмеген Орталық Азия елдерін аралап қайтпақшы

ДДҰ өкілдері коронавирус тіркелмеген Орталық Азия елдерін аралап қайтпақшы

Ресейде бір тәулікте бірден 6 мыңға жуық адам СOVID-19 вирусын жұқтырып рекорд жаңартты. Осылайша көрші елде қауіпті кеселге шалдыққандар саны 68 мыңнан бір-ақ асты. Жалпы, дүние жүзі бойынша дерттен көз жұмған жандар 192 мыңға жуықтаса, науқастар саны 2 млн 700 мыңнан асып жығылады.

Көрші Ресейде кесел алдыңғы шепте жүретін медицина қызметкерлеріне жаппай жабысып, ауруханалар індет ошағына айналыпты.

Ал Құран түскен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Сауд Арабиясындағы эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушыға түсті. Мұнда коронавирус құрбандары 120-дан асып, сырқаттанғандар саны 14 мыңға жуықтаған.

АҚШ-та да қауіпті дертке душар болғандар 900 мыңға жақындаса, 50 мыңға жуық адам аурудан жан тәсілім етті. Одан кейін көңілсіз көрсеткіште Испания, Италия және Германия тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар алдағы уақытта коронавирус тіркелмеген Орталық Азия елдерін аралап қайтуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, індет таралмаған елдер тізімінде Түркменстан мен Тәжікстан бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде