ШҚО: Көкталда қырылған мал иелеріне өтемақы төленеді
Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында қырылған мал иелеріне өтемақы төленетін болды. Ал оған қажетті қыруар қаржының қай қазынадан бөлінетіні әзірге білгісіз. Дегенмен өңір шенеуніктері жұртқа шыққан шығынды толық өтеуге уәде етіп отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.04.2020
Айгүл Базарова, ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Облыс әкімінің шешіміне сәйкес сараптама нәтижесі қандай қортынды берсе де, барлық Көктал ауылының мал шығынына өтемақы берілетін болады. Талдау нәтижесі мемлекеттік тараптан өтемақы беретіндей болса, яғнй ол қаражат мемлекет тарапынан болады. Ал егер ол басқа індет болса, онда облыстық бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді.
Белгісіз індеттен 253 бас сиыр арам қатқан. Тұрғындармен қатар ауылдағы 4 шаруа қожалығы шығынға ұшыраған екен. Қазір атқамінерлер өлген малдың құнын белгілеп қойды. Үлкен сиырды – 260 мың теңге, ал бір жасар малды – 150 мың теңгеге және бұзауды 50 мың теңгеге бағалаған. Енді оған төленетін қаражат есептелу үстінде. Ал ауылда малдың аузынан ақ көбік ағып өлуі саябырсыған. Құрылған арнайы комиссия мүшелері әлі де тексеріс жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!