«Дос-Мұқасан» музыканттары Қамит Санбаевты жерлеуге қатыса алмады
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды. Әйгілі топты алғаш ұйымдастырушылар қатарында болған Қамит Санбаев біраз уақыттан бері ауырып жатқан. Марқұм 77 жаста еді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.04.2020
«Дос-Мұқасанды» 1967 жылы төрт жігіт бірлесіп құрған. Ансамбльдің аты солардың есімдерінің қысқартылуынан пайда болыпты. Яғни, Досым Сүлеевтің «Дос», Мұрат Құсайыновтың «Мұ», Қамит Санбаевтың «Қа», Саня, яғни Александр Литвиновтың «Сан» әріптері қосылып, музыкалық ұжым «Дос-Мұқасан» деп аталған. Қамит Санбаев кеше көз жұмып, бүгін жер қойнына тапсырылды. Ансамбльдің музыканттары карантиннің кесірінен оны ақтық сапарға шығарып салуға бара алмағандарын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!