Блок-бекеттен қалыңдығын көлік жүксалғышына салып өткізбек болған
Қарағанды облысында көлігінің жүк салғышына адам жасырып блок-бекеттен өтпек болған азамат ұсталды. Бір қызығы, жүксалғышқа жатқызып қойған қыз әлгі азаматтың қалыңдығы болып шыққан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.04.2020
Карантинге жабылған Мұстафин ауылынан шығаберісте әдеттегі тексеріс бұл жүргізушіге сәтсіз аяқталды. Полиция қызметкерлері одан көліктің жүк салғышын ашуды сұраған. Тәртіп сақшылары қуықтай жерде бүк түсіп жатқан қызды көргенде таңданысын жасыра алмады. Күмілжіген жүргізуші ауылдан сүйіктісін қалайда алып кету керек болғанын айтып ақталыпты. Дегенмен қос ғашықтың әрқайсысы 27 мың теңгеден айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Бұл карантиндік блок-бекетте болған алғашқы жағдай емес. Осының алдында «Приора» көлігінің жүргізушісі осылай бір танысын алып өтпек болғанда ұсталып, айыппұл салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!