Көлік қозғалысын шектеу: Енді түнгі 11-ден бастап...
Елордада көлік қозғалысын шектеуге қатысты тағы өзгеріс енгізілді. Енді түнгі сағат 10 жарымға дейін тек азық-түлік алуға шыққан көліктерге ғана рұқсат етіледі. Ал сағат түнгі 11-ден бастап қаладағы көлік қозғалысы 5 пайызға қысқартылады.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.04.2020
Ол 5 пайыз дезинфекция жасайтын көліктерге берілетін мүмкіндік. Сонымен қатар жедел-жәрдем, полиция қызметкерлерінің көлігі де осы 5 пайызға кіреді. Қалған жағдайда көзге түскен жеке көліктер айыпұл арқалайды немесе жүргізушісі 15 тәулікке қамалады. Дегенмен дәріхана немесе сондай аса қажеттілік болса, ол базаға тіркеліп, еркін барып қайтуына жағдай жасалады.
Жалпы, 20-шы сәуірден бері елорда мен Алматыда бірқатар нысандарға жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берілді. Содан бастап қалада көлік қозғалысы 10 пайызға өскен. Көлік қозғалысын шектеуге қала бойынша мобильді топтар жұмыс істейді.
Бауыржан Тоғжұман, Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
- Нақты үйден шығып дәріханаға баратын болса, жаяу патрульмен тоқтатылатын болса немесе жолдың үстінде мобильді топпен тоқтатылатын болса, ол электронды «Сергек» планшеті арқылы тексеріліп, сол жерге мәлімет енгізіліп, нақты азамат ауруханаға, не дәріханаға бара жатыр, болмаса, азық-түлік алуға бара жатыр. Ол жағдайда азамат ешқандай жазаға тартылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!