Семейде қарағайлы алқаптың 2 мың гектары күлге айналды
Шығыс Қазақстан облысында Семей орман резерватына қарасты қарағайлы алқаптағы өрт әлі бой берер емес. Бір түннің ішінде өрт аумағы 6-7 есе ұлғайып, шамамен 2 мың гектар жер жанып кеткен. Қою түтін салдарынан мамандар оның не орман, не жазық дала екенін анықтай алмай отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.04.2020
Өрт сөндірушілер күн-түн демей қызыл жалынмен күресіп жатыр. Әйтсе де, оларға тілсіз жауды дереу сөндіру мүмкін болмай тұр. Себебі, ұйытқыған жел өртті одан сайын үдетіп жіберген. 88 арнайы техника мен 300-ге жуық маман тартылды. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінен де құтқарушылар көмекке келген.
Дмитрий Титов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазір оқиға орнында төрт тікұшақ өртті қадағалап, жұмыс жүргізуде. Бір ұшақты еліміздің төтенше жағдайлар комитеті көмекке жіберді. Құрамында 33 адам бар. Алайда екі күннен бері желдің жылдамдығы 25 метр секундқа артқандығы жағдайды ушықтырып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!