Ким Чен Ын ел алдына шыққанда...
Әлем жұртының назарынан ұшты-күйлі жоғалған Ким Чен Ын туралы екіұшты ой әлі де желдей есіп тұр. Бір жақ «өлді немесе хәл үстінде жатыр» десе, екінші жақ «ол дін аман» дейді. Ал АҚШ Солтүстік Корея басшысына тиесілі пойыздың жерсеріктен түсірілген фотосын жариялады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.04.2020
Ким Чен Ын Вонсон қаласындағы демалыс аймағында олардың қырағы камераларының қармағына ілігіпті. Пойыз тек Ким отбасы пайдаланатын платформаға тоқтаған көрінеді. КХДР Мемлекеттік кеңесі төрағасының бірнеше аптадан бері елдің алдына шықпауы көптің көңілінде күдік тудырды. Ол тіптен атасы Ким Ир Сенді еске алу шарасында да төбе көрсетпеген. Кейбір ақпарат құралдары оның отадан кейін хәлі нашарлап кеткенін тілге тиек етті. Дегенмен Солтүстік Корея бұл ақпараттардың бәрін жоққа шығарды. Қалай дегенмен, күдік Ким Чен Ын қайтадан ел алдына шыққанда ғана сейілуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!