Ресей covid-19 жұқтырғандар санымен Қытайды басып озды
Ресей COVID-19 жұқтырғандар санымен Қытайды басып озды. Аталмыш елде індетке шалдыққандар дерегі 87 мыңнан асты. Ал Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші өскенімен, өлім-жітімнің сирегені байқалады. Бірақ бұл пандемияны жеңді деген сөз емес. Жаһандағы пандемия жағдайы қалай?
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.04.2020
Ресей қорғаныс министірлігінің мәліметінше, 900 әскери қызметкердің Covid-19 вирусын жұқтырғаны анықталған. Қазір 314 жауынгер ем алып жатса, оның төртеуі ауыр хәлде. Бұл елде вирусқа шалдыққандар дерегі 87 мыңға бір-ақ жеткен. Тіпті Қытайдың өзінде мұндай көрсеткіш болған жоқ.
Түркияда COVID-19 жұқтырғандар саны 100 мыңнан асса, одан көз жұмғандар 2 мыңға жуықтаған. Үкімет басындағылар пандемияның шарықтау шегінен өттік деп мәлімдеді. Сондықтан Рамазан айының соңына таман карантиндік шектеулелерді қысқарта бастамақ.
Еуропаның бірқатар елі бұған әлден-ақ кірісіп кетті. Себебі бұнда індет жұқтырғандар дерегі төмендеген. Бұл тізімде Чехия, Швецария, Литва және Нидерланд сынынды мемлекеттер бар. Жуырда АҚШ-та ішінара осы топқа қосылуы ықтимал. Себебі, мұнда да вирус жұқтырғандар саны азайып келеді.
Эндрю Куомо, Нью-Йорк губернаторы:
- Соңғы тәулікте 367 адам вирус жұқтырған. Бұл пандемияның шарықтау шегімен салыстырғанда бірнеше есеге төмен. Өзгерістер байқалуда. Жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Деректердің төмендеуі әлі де жалғаса ма, ол жағы белгісіз.
БҰҰ: «Үкімет карантиндік режімді қару ретінде қолданып, халықтың бостандығын шектемеуі керек» - дейді. Жоғарғы комиссар Мишель Бечелеттің мәлімдеуінше, қандай жағдай болмасын «адам құқығы» тапталмай, сөз бостандығы шектелмеуі тиіс. Оның айтуынша, жұрт тек шектен шыққанда ғана шара қолданған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!