{metadescription}
Алматы: Жас-Қанат тұрғындары өлексе иісінен өлермен болды
Алматы: Жас-Қанат тұрғындары өлексе иісінен өлермен болды

Алматы: Жас-Қанат тұрғындары өлексе иісінен өлермен болды

Өлексе иісінен өлермен болды! Алматыда Жас-Қанат ықшам ауданының тұрғындары іргедегі мал ұстайтын шаруаға қандай шара қолданарын білмей дал. Өзенге аққан малдың жапасы мен өліктерінен шыққан иіс күллі ауданға жайылған. Онсыз да карантинде үйге қамалғандар енді қалай еркін демаламыз деп наразы. Тұрғындардың арызын тілшіміз тыңдап келді.

Қолқаны қапқан иіс өлекселерден таралған сыңайлы. Оған қоса, қойдың құмалағы мен сиырдың тезегін малшылар өзенге ағызатын көрінеді. Ылдиға қиналмай сырғыту үшін соқпағын да соққан.

Әбдісамат Ақбасов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына қорадан бері қарай ағызады. Төмен қарай түсіреді де, мына жаққа түседі. Сайдан әрі қарай өзенге қосылып жатыр. Осы жерде өлекселер жатыр.

Әлімғазы Еркінтаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өзенге құйғызуға кім бұларға рұқсат беріп отыр? Тап-таза өзен. Аяқ жағында бала-шаға, бәрі осы өзен жақта жүреді.

Карантинде төрт қабырғаға қамалған тұрғындардың көшеге шықпағаны өз алдына, өз үйіне де сыймай жүр. «Қала емес, құдды ауылдағы қорада тұрып жатқандай күйдеміз» - деп күйінеді.

Айнұр Жапарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Сәл ауа жұтайын деп терезені ашсаң, сасық иіс келеді. Демала алмайсың. Қаншама вирус, инфекция тарайды ол жерден. Шыбыны бар, масасы бар, құрт-шіркейі барбәрі таратады. Балаларды ауру қылады ғой.

Алаңсыз малын жайлаған қарсы беттегі көршілеріне бардық. Жағдайдың жай- жапсарын айтқанмен, жалшылары «тіл түсінбейміз» деп жауап беруден сытылды. Қожайынын күткенмен, төбе көрсетпеді. Ашынған тұрғындар «шыдамның да шегі бар» деп тарқасты.

Төзімі таусылған тұрғындардың енді құзырлы органдарға шағымданғаннан басқа амалы жоқ. Олар бүгінге дейін «көршіңмен тату бол» деген тәмсілді ұстандық дейді. Сондықтан сыйластыққа құрметпен қарамаған көршілеріне қатаң жаза қолдануды қалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде