{metadescription}
СҚО-да тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін
СҚО-да тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін

СҚО-да тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысы тасқынның екінші толқынын күтуде. Өңір билігін Ақмола облысынан Есілге қосыла қарқын алып келе жатқан қызыл су алаңдатып отыр.

Қызыл су араласып жатқан Есілдің сағасы толып, ағысы күшейіп келеді. Сондықтан судың негізгі нөпірі Петропавлға келе жатыр екен. Шамамен төрт күннен кейін тасқын күш алады деп болжайды. Дегенмен мамандар бәрін ойдағыдай өткереміз деген сенімде. Себебі, осыған дейін қаланы қоршаған қызыл судың көлемі 7 сантиметрге төмендеген. Тасқын тіпті айналып өтуі де мүмкін екен.

Серік Наурызбаев, СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Петропавл су қоймасындағы су төмен ағызылып жатқандықтан, ондағы су көлемі азайып келеді. Жалпы даладағы қызыл су деңгейі де қалыпты. Демек су Сергеев қоймасынан Петропавлге жеткенше, Есілдің ернеуінен асып, жерге сіңіп те кетуі мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.