{metadescription}
Балконда кәуап пісірген...
Балконда кәуап пісірген...

Балконда кәуап пісірген...

Елімізде карантиннің әлі де созылып жатқанына қарамастан, кәсіпкерлер де, қарапайым тұрғындар да артық әрекеттерін тоқтатар емес. Кейбір ойын-сауық орындары жұмысын жасырын жалғастырып келсе, енді бірулер үйінде кәуәп пісіруге дейін барған. Тіпті соңғы уақытта шыдамы таусылған жұрт бала-шағасымен көше кезіп жүр.

Осылайша қала мен аймақтарда тәртіп бұзып айыппұл төлеп, тіпті қамалып жатқандардың саны артуда.

Алматыда ескертуді елемегендердің әрекеттері әшкере болып жатыр. Карантин кезінде қаланың қақ ортасында, тіпті жәй күндері де тыйым салынған құмар ойын орнының жұмыс істегені анықталды. Онда 30-дан аса келушілер мен қызметкерлер қолға түсті. Белгілі болғандай, бұған дейін казиноға жасырын түрде тек тұрақты клиенттер ғана бас сұққан екен. Қазір оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Бұдан бөлек, қаланың екі ауданында шектеуге қарамастан мереке ұйымдастырып келген ойын-сауық мекемелеріндегілер де жауапқа тартылып жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Бостандық ауданына қарасты караоке-клуб табылды. Тексеріс барысында 12 адам анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екіншісі – 4-ші ықшамауданда орналасқан түнгі клубта 30 адам болған. Оның 6-ы ғана қызметкерлер, қалғандары келіп-кетушілер екен. Спирттік ішімдік ішілген, ән айтып, би билеп жүр екен. Қандай да бір сақтық шарасын сақтау деген мүлдем жоқ. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімішілік кодекстің 476-бабымен.  

Карантиннің қатал ережесіне қарамайтындар Павлодар қаласынан да табылды. Үш 3 ер адам пәтер жалдап, балконда кәуәп пісірген. Төтенше жағдайды былай қойып, көрші-қолаңға да кесірін келтіре жаздады.

Жанна Біләлова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:

Учаскелік полиция кінәлі адамдарды анықтады. Олар өрт тудырып, өзге тұрғындардың өміріне қауіп төндіре жаздады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Карантині күшейтіліп тұрған Нұр-Сұлтанда да ереже бұзғандар саны артуда. Мұнда шекті аймақтан өтпек болған 143 адам қамауға алынып, 44-і айыппұл арқалаған.

Алматыда карантин басталғалы төтенше жағдай режимін бұзған 2 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Соттың шешімімен 550-ге жуығы әкімшілік қамауда болған. Осылайша көпшілікке сыртқа шығаға тыйым салынса да, жұрт үйде отырудан әбден жалыққан секілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.