Tengri bank-ке акционерлері ақша құятын болды
Tengri bank тығырықтан шығатын жол тапқан сияқты. Бір айдан бері салымшыларын сандалтқан банкке акционерлері ақша құятын болды.
27.04.2020
Үндістандық Punjab National Bank кредит желісі бойынша алғашқы траншты аударып та үлгеріпті. Сондықтан екі апта ішінде банк толыққанды жұмыс істеп, барлық қаржылық операциялар қалыпты жағдайда жүргізіле бастайды. Банк басшылары ақша шешуге қойылған шектеуді де 1-2 күнде алып тастайтынын мәлімдеді.
Өткен аптада осы банктің клиенттері депозит пен картадағы ақшамызды ала алмай жүрміз деп шу шығарған. 40 мыңға жуық салымшының 28 миллиард теңгесі бұғатталып қалған болатын. Осыдан кейін бұл дауға Қаржылық қадағалау агенттігі араласып, Tengri bank-ке сәуірдің соңына дейін капитализация жасауды тапсырған еді.
«Tengri Bank» АҚ-ның негізгі акционері Punjab National Bank, Банктің өтімділігін қамтамасыз ету және операциялық қызметін жүзеге асыруы үшін Банкке қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады. Банк барлық қаржылық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауды жалғастырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!