{metadescription}
Жұмысы қайта жанданған мекемелер тізімі
Жұмысы қайта жанданған мекемелер тізімі

Жұмысы қайта жанданған мекемелер тізімі

Елімізде бүгіннен бастап бірқатар мекемелердің жұмысы қайта жанданды. Бұл тізімге кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, қоймалар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік ұйымдар, көлік саласы және машиналарға қызмет көрсететін орындар, қызмет көрсету саласының кейбір түрлері және қаржы секторы кірген. Аталған мекемелер бүкіл өңірде бүгін ашылса, Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.

Елордада бүгін қаржы ұйымдары, сақтандыру компанияларынан бөлек, тұрмыстық техника сататын және саяжайға қажетті заттар сататын ірі дүкендер қайта ашылған.

Алматыда көлік кәсіпорындары, қоймалар, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласының жұмысы жанданды. Қаржы және сақтандыру ұйымдары жұмыс істей бастаған. Сервистік қызмет көрсету орындары, яғни, техникалық жөндеу орталықтары, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық техникаларды жөндейтін жерлер де ашыла бастады.

Тізімге енген кәсіпорындар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Дегенмен оған бәрі бірдей дайын болмаса керек. Өйткені Алматыдағы көлік жөндеу орындары мен құрылыс дүкендерінің бәрі бірдей бүгін ашыла қоймаған. Ал жұмысын бастағандары қауіпсіздік шараларын сақтай қоймапты. Мәселен, дөңгелек ауыстыру орнының жұмысшылары бетперде де кимеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде