Елорда мен Алматы арасында ұшақтар қатынайды
Алдағы жұмадан бастап елорда мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге байланысты еліміздегі әуе қатынасына тыйым салынған еді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
27.04.2020
Алматы мен астана арасындағы ұшақ қатынасының жанданатыны туралы президент бүгінгі мәлімдемесінде жариялаған болатын. Бұл шешім жағдайдың тұрақтануына байланысты қабылданып отыр. Бұл ұйғарым азаматтар мен індетпен күрес жүргізіп жатқан мамандарға аса қажет. Жалпы наурыз, сәуір айларына халықаралық әуе тасымалдаушы компаниялар 7,3 мың рейсті жоспарлаған екен, соның 67 пайыздан астамы жүзеге аспаған. Ал ішкі әуе қатынастарының 70 пайызына, яғни 1,5 мың рейске рұқсат берілмеген. Алматы мен ел астанасының арасындағы әуе қатынасы басталғанда қауіпсіздік шараларына ерекше мән беріледі.
ТЖ жөніндегі Мемлекеттік комиссия:
- 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптарды сақтап, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!