{metadescription}
Елдегі ахуал: Жас нәрестенің коронавирусты қалай жұқтырғанын дәрігерлер ашып айтпады
Елдегі ахуал: Жас нәрестенің коронавирусты қалай жұқтырғанын дәрігерлер ашып айтпады

Елдегі ахуал: Жас нәрестенің коронавирусты қалай жұқтырғанын дәрігерлер ашып айтпады

Індетті сәбиге жұқтырған! Қарағанды облысында туғанына небәрі 23 күн болған нәрестеден Covid-19 вирусы табылды. Перзентханадан шығарылғанына екі аптадан енді асқан нәресте дереу инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Дүние есігін енді ашқан баланың қауіпті дертті қандай жағдайда жұқтырып алғанын дәрігерлер ашып айтпады. Осылайша елде ауруға шалдыққандар 3 мыңға жуықтады. Бірақ, солай бола тұра, аурудың таралуына себепкер болып жүргендер әлде де жетерлік.

Елдегі соңғы эпидемиологиялық ахуал:

Жаңа туған нәрестенің вирусты жұқтыруы бұған дейін болмаған. Жаға ұстатарлық жайт Теміртаудан шықты. Туылғанына небәрі 23 күн болған шақалақ пен індеттің белгілері табылған тағы бір теміртаулық  үш жасар бала басқа сырқаттармен бірге Қарағандыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қос бірдей сәбидің қауіпті індетті кімнен, қандай жағдайда жұқтырғаны туралы жергілікті шенеуніктер де, дәрігерлер де медициналық құпияны сылтауратып, жақ ашпай отыр. Дегенмен аурухана қызметкерлерінің өз арасында да екі күннің бірінде ауру жұқтырғандар анықталып жатыр.

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО бойынша Қызмет сапасын бақылау департаменті директорының орынбасары:

- Медицина қызметкерден коронавирус анықталған кезде медицина қызметкермен қарым-қатынаста болған стационардағы қызметкерлердің барлығы да карантинге жатқызылған. Осы соңғы 13-14 күнге жақындағанда барлығынан сынамалар алынып, бүгінгі таңда 4 қызметкерде коронавирус жұқпасы анықталып отыр.

Оның екеуі – санитар, біреуі – аспаз және бір дизинфектор маманы. Бәрі де Батыс Қазақстан облысындағы аудандық стационарлардың бірінде жұмыс істеген.

Ресейден ауру жұқтырып келіп жатқандар да азаяр емес. Түркістан мен Шымкент қалаларының екі тұрғынынан ауру табылып, жігіттер шекара бекетінен өте сала Оралдағы ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстанда асқа қатысқан 30 адам жаппай карантинге жабылды. Себебі, қонақтардың бірі індетті таратушы боп шықты. Ас иесі ен әрекеті үшін жауапқа тартылды.  

Думан Айқазыұлы, ШҚО Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Асты ұйымдастырған Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының 42 жастағы тұрғыны. Сот шешімімен ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті өңір тұрғындары карантин кезінде шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Таяқтың бір ұшы асқа қатысқандардың көршілеріне де тиді. Себебі, үйлерін де жаппай оқшаулап тастады. Осылайша елімізде індет жұқтырғандар үш мыңға жуықтады. Ал өлім-жітім, керісінше, бір адамға азайды.   

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қарияның да өлімін коронавирус деп көрсеткен. Алайда әлеуметтік желіде ғасыр жасаған апаның жаман аурудан көз жұмғанына көпшілік сене қоймады. Осыдан кейін өздері де күдіктеніп қалса керек, марқұмның аты-жөні індеттен өлгендердің тізімінен алынып тасталды. 

Айкөркем Күсесова, коронавирустан жазылған:

- 14-ші күні таңертең нәтижесі шықты. Сол күні маған дейтін іште болған дәрігер келіп: «Айкөркем сенің нәтижең оң шықты, қазір сені жедел-жәрдеммен ауруханаға алып кетеді...»

Айкөркем – бүгін жазылып шыққандардың бірі. Атыраулық ару Канададан оқудан оралғанда бірден карантинге жабылған. Айкөркеммен бірге елімізде жазылғандардың саны 700-ден асты. Жалпы, көп қалаларда аурудың беті қайтып жатыр. Мәселен, Қызылордада – 3, ал Жамбыл облысында небәрі 1  адамнан ауру белгісі табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.