{metadescription}
Әлемде жұмыссыздық бойынша рекорд орнатқан елдер
Әлемде жұмыссыздық бойынша рекорд орнатқан елдер

Әлемде жұмыссыздық бойынша рекорд орнатқан елдер

Коронавирустың кесірінен әлем бойынша 200 миллионға жуық адам жұмыссыз қалды. Біріккен ұлттар ұйымы бұл статистика әлі де өседі деп отыр. Аурудың ең ауыр зардабын АҚШ тартпақ. Өйткені қазірдің өзінде бұл елде жұмыссыздардың саны 26 миллионнан асқан.  

АҚШ-та қаржы дағдарысы соңғы рет 2008 жылы болған. Бірақ ол кезде де жұмыссыздардың саны мұнша көп болмапты. Карантин жарияланған небәрі бірнеше айдың ішінде 26 миллион тұрғын жұмыстан қысқарған. Франция да жұмыссыздық бойынша рекорд орнатты. Мұнда компаниялар 10 миллионнан астам адамды ақысыз еңбек демалысқа жіберген. Жұмыс күшін жоғары бағалайтын Жапонияның өзінде жұмыссыздық жайлады. Ал Испанияда 3 жарым миллион халық табысынан айырылды. Бәрі дерлік әлеуметтік көмектің арқасында ғана күнін көріп отыр.

Ал індеттің беті қайтатын түрі жоқ. Бүгінде кеселді жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асып, 200 мыңнан астам адам ажал құшты. Кеселдің жылдам таралуына Қытайды кінәлаған АҚШ президенті Дональд Трамп енді Бейжіңнен өтемақы талап етпек. «Қытай билігі ақпаратты жасырып, астыртын әрекеттерге бармағанда, індеттің көзін жоюға болар еді» - деп сенетін Ақ үй қожайыны өтемақы мөлшерін атаған жоқ.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде