{metadescription}
Саяжайға барып-келу ережелері әр аймақта – әр түрлі
Саяжайға барып-келу ережелері әр аймақта – әр түрлі

Саяжайға барып-келу ережелері әр аймақта – әр түрлі

Көктемнің бір күні – жылға азық! Карантин кезінде саяжайға шығуға рұқсат берілгеніне тұрғындар қуанып жатыр. Бірақ төтенше жағдайдың кесерінен тұқым себуге бірер апта кешіккен. Сондай-ақ бау-бақшаға жетуге кедергі де жоқ емес. Қарағандыда сажайға бару үшін электронды рұқсат қажет болса, Ақтөбеде бағбандарға анықтаманы әкімдіктегілер таратып жатыр.

Қарағандыда саяжайға баруға электронды рұқсат алғандар бүгін бақшасына ағылып жатыр. Татьяна Егерова да қызы мен немересін ертіп, таң атысымен бау-бақшасына тартыпты. Карантин кезінде тұрғындарды төрт қабырғаға қамағанша, бұрыннан осылай ұйымдастыру керек еді дейді ол.

Татьяна Егорова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Осыдан екі апта бұрын рұқсат бергені дұрыс болар еді. Үйде отырып үрейленгенше, тәртіпті сақтай отырып, таза ауада ісімізбен айналысар едік. Егіс науқанынан шамамен 20 күнге артта қалып қойдық. Маңыздысы бұл емес. Жұртты ертерек саяжайларына жіберсе,бақшасында өзімен өзі болар еді. Мұнда ешқандай вирус болмайды.

Ақтөбеде саяжайға бару үшін қолыңда әкімдік берген анықтама болу керек. Оны да тектен-тек бере салмайды. Саяжайдың иесі екеніңді дәлелдеп, жеке куәлігіңді көрсетесің. Бірақ шенеуніктер берген ол қағазбен қаланы қалауыңша аралауға тыйым салынған. Тек бау-бақшаңа тіке барып, тіке қайта аласың.

Серік Дәулетов, Ақтөбе қалалық Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:

- Рұқсатнама қағаздарымен қаланың ішін аралауға келмейді. Рұқсатнамада уақыты көрсетілген. Баруы таңғы сағат 6 мен 10 аралығы. Қайтуы 18.00 мен 20.00 аралығында.

Павлодарда саяжайға бару үшін ешкімнен рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Тек бау-бақша ұжымында мүшелікте тұрғаныңды растайтын кітапшаң болса жетіп жатыр. Мұндай құжат саяжайы бар тұрғындардың бәріне бұрыннан беріледі екен. Енді павлодарлықтар кеш себілген тұқымнан өнім ала аламыз ба деп уайымдап отыр.       

Александра Андруша, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Біраз көкөністерді кеш отырғызуға тура келеді. Жаз жылы болса жақсы. Алдағы уақытта саяжай қайта жабылмайды деп сенемін. Әйтпегенде, жалғыз зейнетақыма қысқы азығымды дайындау мүмкін болмас.

Көкшетауда жасың алпыс бестен асса, саяжайға баруға тыйым салынған. Бірақ ең қызығы, бақша өсіретіндердің дені – зейнеткерлер. Мұндай кедергінің кесерінен олар үйінен шыға алмай отыр. «Биыл жер жыртып, тұқым сеппей қалатын болдық» - деп ашынады қарттар.

Михаил Шевчук, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Иә, саяжайға шығуға рұқсат етті. Бірақ, онда бау-бақша  иелері қалай барады? Мәселен, біздің кооперативте 155 саяжай бар. Оның 80 пайызын зейнеткерлер ұстайды. 65 жастан асқан адамға сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Ендеше қарт адамдар карантин тәртібін бұзып, қалай сырқа шықпақ?

Ел бойынша карантинді алғаш жариялаған Алматыда да бау-бақша егетіндерге қала аумағынан шығуға рұқсат берді. Еліміздің батысындағы Атырау мен Орал тұрғындары да саяжайға баруға еш кедергі жоқ екенін айтады. Бірақ еліміздің қай өңірі болмасын, саяжайда үш адамнан артық топталып жүруге болмайды. Қонақ шақырып, көршілерді аралауға тыйым салынған. Бау-бақшаға барғанда да бетперде мен қолғапты ұмытпау керек екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде