Әуе рейсі: Жолаушылар коронавирус инфекциясы тестін өз қалтасынан төлейді
Алдағы жұмадан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынайтын ұшақтарда күшейтілген санитарлық талап сақталуы тиіс. Екі арада күніне 4 әуе рейсі жасалмақ. Ал билеттер бүгіннен сатыла бастайды.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.04.2020
Ұұшар алдында жолаушыларда COVID-19 нәтижесі теріс болғаны туралы 7 күн ішінде алынған тест анықтамасы болуы керек. Бетперде, қолғап сынды жеке қорғаныс құралдарын пайдаланып, термометрия, әлеуметтік қашықтық талабын сақтау қажет. Ал әуежайлар мен әуе кемелері күшейтілген негізде залалсыздандырылады. Егер жағдай жақсарып жатса, әуе бағыттары саны мен әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі де қарастырылады. Әзірге жолаушылар араға бір бос орын қалдырып жайғасуы тиіс. Ал коронавирус инфекциясы тестіне жолаушылар өз қаражатын төлейді. Онда да экспресс-тестілеу емес, полимеразды тізбекті реакция сараптамасынан өтуі керек.
Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер:
- Жедел тестілеудің коронавирустың ағзада бар-жоғы туралы жалған мәлімет беретін сәттері бар. Ал полимеразды тізбекті реакция вирустың жұққанын, не жұқпағанын нақты анықтап береді. Бағасы – 11500 теңге. Ондай сараптама орталықтары барлық облыста бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!