Алматыда көшеде спортпен шұғылдануға рұқсат берілмеді
Алматыда көшеде спортпен шұғылдануға әлі де рұқсат етілмейтін болды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада есік алдына шығып таза ауа жұтуға келісім берілгенімен, далада дене шынықтыруға әлі де тыйым салынып отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
29.04.2020
Таңмен таласа тұрып салауатты өмір салтын ұстанатындар енді карантиннің аяқталуын күтуге мәжбүр. Бүгінге дейін әуесқой спортшылар есік алдында дене шынықтыруға шектеу қойылмауын, жаттығуын жалғастыруды сұраған болатын. Алайда бұл мәселеге Нұр-Сұлтан қаласында рұқсат етіліп, Алматыда әлі де болса аулада шынығу мүмкін болмай тұр. Қала әкімдігі мен ақ халаттылар, жалғыз жүгіріп, велосипед тебудің өзі бірнеше адамдардың сыртқа шығуына әкеп соғатындығын мәлімдеді. Ал спорт сүйер қауым рұқсат берілсе, барлық санитарлық талапты сақтап, бетперде мен қорғаныш заттарын қолданып жүретін едік дейді.
Евгений Карабинский, Алматы қаласының тұрғыны:
- Спортпен шұғылдануға қандай да бір талап қойып, белгілі бір уақытта, санитарлық талапты сақтауды тапсырса, орындайтын едік. Дәрігерлер иммунитеттің жоғарылығы мен деннің саулығы вирус қаупінен сақтап қалатынын айтады. Ал спортпен шұғылданбасақ, оның бірі де болмайды ғой. Керісінше, үйде отырғаннан күйзеліске түсіп, жоқ жерден ауру тауып алуымыз ғажап емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!