{metadescription}
Әлемді жайлаған індет – ЕуроОдақ карантин жоспарын бекітті
Әлемді жайлаған індет – ЕуроОдақ карантин жоспарын бекітті

Әлемді жайлаған індет – ЕуроОдақ карантин жоспарын бекітті

Күллі әлем коронавирустың тоқталуын тағатсыздана күтуде. Осыған орай елімізде ғана емес, әлемде де карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Бірнеше шет мемлекеттер де төтенше жағдай 11-мамырға дейін ұзартылды. Осылайша Еуропалық Одаққа мүше елдердің басшылары онлайн түрде жиын өткізіп, алдағы карантиндік жоспарларын бекітті.

Францияда 11 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдету жоспарлануда. Ал маусым айының басында кейбір бірқатар нысандар жұмысын қайта жалғастыруы да мүмкін. Алайда карантинді тоқтатуға қарсылық білдіргендер бұған халықтың дайын емес екенін айтады. Бірақ биліктегілер мәселенің барлығы күн сайын күрт өсетін сандардың сейілуіне байланысты дейді.

Эдуард Филипп, Франция премьер-министрі:

Біз жоспарды кезең-кезеңімен дайындаймыз. Жұртшылық жұмысына еш қиындықсыз оралуы үшін осы күндер аралығындағы көрсеткіштерді қадағалап отырамыз. Егер жағдай жақсармаса, 11 мамырда карантин уақыты тоқтатылмайды, керісінше, талап күшейтілуі тиіс.

Мадрид те кезең-кезеңімен карантиндік шектеулерді жұмсарту туралы жоспарды жасап қойған. Олар: «Дендеген дерт бері дегенде маусымның аяғына қарай азаюы мүмкін» деп топшылайды. Айтуларынша, Испания эпидемияның шарықтау шегінен өтіп кетіпті. Сөйтіп бірінші кезеңде мейрамханалардың ашылуына рұқсат берілмек. Дәлірек айтқанда, ішінде отырып тамақтануға емес, өзімен алып кетуге мүмкіндік туады.

Грекия үкіметі де қалыпты өмірге көшудің негізгі кезеңін жариялап үлгерді. Оларда да 1-маусымнан бастап кафе мен мейрамхана, қонақ үйлер жұмысын қайта жалғастыруы әбден мүмкін. Бұған қоса тұрғындар 17-мамырдан бастап шіркеу қызметіне де қатыса алады.

Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі:

Бұл уақытта вирустың таралуы толықтай тоқтайды деген сөз емес. Бізде де карантиннен шығу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Сол үшін де алдағы жоспарымыз, алынатын шектеулеріміз барлығын қайтадан асқындырып жібермеуі тиіс. 4-мамырда азаматтардың қозғалысына, яғни жұрттың сыртқа емін-еркін жүруіне рұқсат беріледі.

Грекияда 11 мамырдан бастап орта мектептегі жоғарғы сыныптар оқуын жалғастырады. Бірақ бастауыш мектептер мен балабақшалар жабық күйінде қалады.

Португалия төтенше жағдайды 2-мамырда алып тастамақшы. Бірақ биліктегілер бұл індеттің соңы емес екенін айтып, әлі де сақтық шарасы сақталу керек деген талап қойып отыр. Экономиканы қайта қалыпқа келтіру баяу жүргізілетін жұмыс екенін ескертті.

Қазір әлемді жайлаған індет 3 млн-нан аса адамға жұғып үлгерді. Одан 200 мыңнан аса адам көз жұмып, миллионға жуық науқас дерттен айықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде