Ақмола облысы: Сүңгуірлер Арықты көліне кеткен ер адамды таппай жатыр
Аяқ киімі жағада қалған. Ақмола облысында құтқару қызметінің сүңгуірлері екі күннен бері жасанды көлден 50 жаcтағы ер адамды таппай жатыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
29.04.2020
Ол сәуірдің 23-інде кешқұрым үйінен шығып кеткен. Ауылдастары жабылып жүріп ауыл маңын тегіс қарап шыққан. Көмекке полиция, төтенше жағдай қызметі қосылыпты. Олар көл жағасынан жоғалған азаматтың аяқ киімін тапқан. Күйеуінің аяқ киімін әйелі таныды. Бірақ ол балық ауламайтын, көлде қайықпен серуендеп көрмеген жанның онда не үшін барғанын түсіндіре алмады. Қазір құтқару қызметі бес сүңгуірмен Арықты көлінде жүр. Таң атысымен қас қарайғанша көлді әрлі берлі кезіп, су астында жұмыс істеп жатқан олар бірталай қиындық кездескенін айтады.
Қанат Доспаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Әзірге су астынан іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Жасанды көлдің радиусы 3 шақырым,тереңдігі 2 жарым метрден асады. Мұзы енді еріп, ағын су әлі тоқтамағандықтан, көл суы лайлы.Сондықтан су астында көрініс өте нашар. Бұл жағдай да сүңгуірлерге қиындық туғызуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!