Алматы облысында егін суы жайылып, үйлерді басып қалған
Алматы облысында егін суы қатты ағынмен көшеге жайылып, үйлерді басып қалған. Салдарынан Жаңатұрмыс ауылындағы тұрғындардың ауласы бүлініпті. «Былтыр өз қаражатымызға жөндеген жолдың да ойдым-ойдымы шықты», - дейді ашынған жұрт.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.04.2020
Кешкі уақытта тосыннан келген судың ағыны қатты болыпты. Тұрғындар судың осылай сарылдағанын бұрын-соңды көрмегенін айтуда. Бастапқыда олар тілсіз жауды өздігінен тоқтатуға тырысқан. Алайда ол қолдан келмепті. Жұрт енді жауапты адамдардан келген шығынды өндіріп беруді талап етіп отыр. Сөйтсе жаңатұрмыстықтарды әбігерге салған алқап суаруға арналған су екен. Арық бітеліп қалғандықтан, ол көшеге жайылған. Осылай деген шенеуніктер бұл жағдайдан ешкім зардап шекпегеніне сенімді.
Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Ол жаққа дереу коммуналдық қызметтің өкілдері барып, құбырларды тазалап, судың әрі қарай ағуын тоқтатты. Қазір ешқандай үйге, ешқандай аулаға залал келген жоқ. Комиссия барып, тексеріп қайттық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!