Атырауда балықтар жаппай қырылып жатыр
Атырауда бір аптадан бері өзен-көлдердегі балықтар жаппай қырылып жатыр. Алғашқы дерек 21-ші сәуір күні Приморск каналында аз мөлшерде тіркелген. Алайда өлген балықтардың көлемі күн сайын артып келеді.
Автор: Бекен Әлирахым
29.04.2020
Бүгінге дейін жиналған 1 тоннадан астам өлі балықтың тең жартысы сараптамаға жөнелтілген. Ал қалғаны каналға жақын жерге көміліп жатыр. Жаппай қырылған балықтарды тазарту жұмыстарына Дамбы инспекция бөлімі мен балық шаруашылығы кооперативтерінен 30-ға жуық адам жұмылдырылған. Бірақ жағдай қалыпқа келер емес. Өйткені қырылған балықтардың өлексесі күн сайын артып келе жатыр дейді мамандар.
Еламан Хабибуллин, Дамба балық қорғау инспекциясы бөлімінің басшысы:
- Басында бақыладық, аздаған балықтың ығып келе жатқанын байқағанбыз. Арғы жағындағы балық байқалмайтын болар деп ойлағамыз. Содан кейін екі күннен соң тағы байқалды. Содан бері қарай күннен күнге көбейіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!