{metadescription}
Елорда: Қызғаныштың кесірінен әйелін пышақтап өлтірді
Елорда: Қызғаныштың кесірінен әйелін пышақтап өлтірді

Елорда: Қызғаныштың кесірінен әйелін пышақтап өлтірді

Қызғаныштың кесірінен әйелін пышақтап өлтірді. Елордада 1982 жылдың тумасы Надежда Белоусқа күйеуі тура үйінің кіреберісіндегі баспалдақта пышақ сұққан. Ол әйелін басқа біреулермен көңіл қосып жүр деп күдіктенген екен.

Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 28-сәуірде сағат 14:31-де жедел басқару орталығына Тәуелсіздік көшесіндегі бір үйде әйел адамның пышақталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел адам ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде қайтыс болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ресми түрде ажыраспаса да, ерлі-зайыпты қаңтардан бері бірге тұрмаған екен. Марқұм әйел 27-сәуір күні күйеуінің үстінен шағым айтып полицияға қоңырау шалыпты. Бірақ артынан райынан қайтып, шара қолданбауды өтінген. Сөйтіп полиция тек түсіндіру шараларымен шектелген. Ал кеше пәтерінен дүкенге шығып бара жатқанында есікті үш сағат бойы аңдыған күйеуі баспалдақта ұстап алады. Әйелінің бірге тұрғысы келмейтінін білген соң, бүйірінен пышақ сұққан. Артынан белгілі болғаны, 1992 жылы туған Ростислав Белоус әйелін есігінің алдында апта бойы аңдып жүріпті. Енді ол 15 жыл абақтыға қамалуы мүмкін. Өзінен 10 жас үлкен зайыбының бірінші күйеуінен тапқан 9 жастағы қызы болса, екеуінен туған 2 жасар ұлы бар. Ал көршілері Надежда өлді дегенге әлі сене алмай жүр.

Анастасия Ганиева, марқұмның көршісі:

- Бұл біздің подъездің қайғысы болды. Надяны 11 жылдан бері танимын. Үстіңгі  қабатта апасы екеуі тұрды. Күйеуі осы біздің ауламызда үнемі аңдып жүретін. Кеше біз үйде отырғанбыз. Оқиғаны естімедік. Артынан жедел-жәрдем келгенде бір-ақ білдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде