Банкке берешегі барлар. Борышын өтеу мерзімі. Өтініш бойынша нақты шешім
Төтенше жағдай режимі қарапайым азаматтарды күнделікті нәпақасынан айырып, кәсіпкерлерді көк тиын кіріссіз қалдырды. Осы орайда банк алдында берешегі барлар борышын өтеу мерзімін кейінге қалдыруға өтініш білдірген.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
29.04.2020
Сәуірдің 28-не дейінгі деректерге сүйенсек, екінші деңгейлі банктерге, басқа да кредит ұсынатын ұйымдарға жеке тұлғалардан несиесін өтеу мерзімін кейінге шегеру туралы 1 млн 844 мың 599 өтініш түссе, 1 млн 661 мың 232 өтініш мақұлданған. Яғни 237 миллиард 400 млн теңгелік берешекті өтеу кейінге қалдырылды.
13 мыңнан астам шағын және орта кәсіп иелері несиелік каникул сұраған. Ондай мүмкіндік тек 11 561 бизнесменге берілді. Олар 138 миллиард 800 млн теңгелік берешегін кешіктіріп қайтарады. Яғни, еліміздегі барлық шағын және орта кәсіп субъектілерінің 44,1 пайызы банктер алдындағы кредиттік берешектерін қайтарудан белгілі бір мерзімге демалыс алған. Ал қалған өтініштер бойынша 10 жұмыс күнінен кейін нақты шешім қабылданады. Екінші деңгейлі банктердің мәлімдеуінше, кәсіпкерлердің тарапынан несие алуға 1 300-ден астам өтініш түскен. Соның тек 246-сы мақұлданып, 62 жарым миллиард теңгелік кредит беріліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!