{metadescription}
4 мамырда қай мекемелер жұмысын бастайды?
4 мамырда қай мекемелер жұмысын бастайды?

4 мамырда қай мекемелер жұмысын бастайды?

Алдағы апта басынан елдегі тіршілік қайта жанданады. Карантиндік шараларды жұмсартудың екінші кезеңі мамырдың 4-нен басталады. Қандай кәсіпорындар мен орталықтар жұмыс істейді? 4-мамырда қай мекемелер жұмысын бастайды?

Бүгін мемлекеттік комиссия өңірлердің әкімдерінің ұсыныстарын саралап, Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын қаперден шығармай бірқатар шешім қабылдады.

Алдағы дүйсенбіден, яғни мамырдың 4-нен елдегі тіршілік біршама жанданады. Бірқатар шағын және орта кәсіп субъектілері, кәсіпорындар әдеттегі шаруаларына кіріседі. Бірақ әкімдіктер санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға міндетті. 

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

- Көлемі 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.Сондай-ақ, фотосалондар, гүл дүкендері, шаштараздар, медициналық орталықтар, тіс емдеу клиникалары, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктері, адвокаттар, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар жұмысын бастайды.

Тұрғындарға далада спортпен шұғылдануға рұқсат беріледі. Ұшақ қатынасы да біршама жанданады. Мәселен, 4 мамырдан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынасы іске қосылады. Бұл әуе рейстері барлық санитарлық талаптарды және жолаушылардың арасындағы қашықтықты сақтауға міндетті.

Сәуірдің 20-нан бастап елордада өнеркәсіп, индустрия, құрылыс кәсіпорындары жұмысын бастаған еді. Екінші деңгейлі банктер зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін түстен кейін сағат 4-ке дейін ғана істеп келеді. Алматы қаласында да  өнеркәсіп, құрылыс, нотариустер және халыққа қызмет көрсету орындарының бір бөлімшесі тек бизнеске қызмет көрсете бастаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде