Үйден шықпаған жұрт саяжайға ағылып жатыр
Алматының айналасындағы блок-бекеттерде көлік нөпірі көбейді.
29.04.2020
Карантин кезінде қалаға күніне 3 мыңға жуық техника кіріп-шықса, бүгін олардың саны едәуір артқан. Себебі, бір жарым айдан бері үйден шықпаған жұрт сырттағы саяжайына баруға ағылып жатыр. Алайда бір күнде қанша адамның қаладан шығып кеткені туралы мәлімет жоқ. Десе де блок-бекеттердегі кептелісті азайту үшін алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің де саны артпақшы. Өйткені қалалық штаб көшелердегі мобильді бекеттердің санын қысқартуды жоспарлап отыр. Яғни, көптеген кәсіпорындар мен саяжай тұрғындарына рұқсат берілгелі, көшедегі көлік пен халық саны да артқан. Сондықтан тәртіп сақшылары бейсауат жүргендерден басқа азаматтарды күнде тексеріп, мазаламаймыз дейді. Жалпы карантин басталғаннан бері бері Алматыда ереже бұзған 200-дей көлік айып тұрағына қойылып, екі мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жандос Мұраталиев, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Штабтың нұсқауымен Алматы қаласында анализ жасалып жатыр. «Қай жерде кептеліс болып жатыр?», «Қанша бекеттерді азайтуға болады?» деген сияқты. Ертеңнен бастап міндетті түрде ол бекеттер азайтылады. Сол жердегі қызметкерлер шекарада тұрған қызметкерлерге көмекке барып, кептелістерге көмектеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!