Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан тоқтайды?
Қазақстанда коронавирустың таралуы шілденің аяғында тоқтауы тиіс. Әлем ғалымдары зерттеу жүргізіп, алты құрлыққа ауыз салған аурудың елімізде тыйылатын уақытын болжады. Олар COVID-19-дың әлем елдеріне әсері мен таралу қарқынын арнайы сайт арқылы есептеген.
29.04.2020
Нақтырақ айтсақ, Сингапурдың технология және дизайн университеті мен Массачусетс технологиялық университінің ғалымдары бірлесіп, математикалық SIR-модельді қолданған. Ол ауру жұқтыруға бейім, ауырған және емделіп шыққан науқастардың санын, олардың кеселмен күрескен кезеңін, вирус жұқтырған адамның өзгелермен байланысын түгелдей есептейді екен.
Ғалымдардың болжамы бойынша елімізде індет шарықтау шегіне сәуір айының аяғында, яғни бүгін-ертең жетеді. Маусымнан бастап індетті жұқтыру 97 пайызға азайса, 14-ші маусымда 99 пайызға бір-ақ төмендейді. Осылайша 28 шілдеде елімізде коронавирустың таралуы түбегейлі тоқтайды дейді мамандар.
Ал әлем бойынша індеттің таралу қарқыны күзде бәсеңдеп, 1 желтоқсанда мүлдем жоқ болмақ. Дегенмен ғалымдар бұл болжамға сүйеніп, карантинді уақытынан бұрын алып тастауға болмайтынын ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!