COVID-19 қыркүйектің соңында қозып, мамырға дейін созылуы мүмкін
Коронавирус оңайлықпен кетпейді. Ол маусымдық аурулардың тізімін толықтыратын болды. Бұл туралы елдің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
29.04.2020
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:
- Коронавирус – жаңа вирус. Дегенмен әзірге толық жойылады деп айта алмаймыз. COVID-19 тұмау сияқты айналып келіп отырады. Әсіресе күз бен көктем аралығында. Мамандардың болжауынша, вирус қыркүйектің соңында қозып, сәуірдің аяғы мен мамырдың басына дейін созылуы мүмкін.
Айжан Есмағамбетова аурудың ошағы ең көп тіркелген Алматыда патруль қызметі вирусқа тексерілетіндігін жеткізді. Көшеде жүргендерді қадағалайтын қызметкерлер жаппай тест тапсырады. Өйткені олардың арасында дерт дендегендері күрт көбейген.
Осыған дейін Алматыда Шекара қызметі академиясының 67 курсантынан індеттің белгісі анықталды. Олар да көшедегі тәртіпті сақтауға жұмылдырылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!