{metadescription}
Елдегі ахуал: 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты
Елдегі ахуал: 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

Елдегі ахуал: 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

Елімізде 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты. Полина Силина – Ақмола облысындағы атышулы «Шапағат» әлеуметтік көмек көрсету орталығының тұрғыны. Нағыз ауру ошағына айналған  қарттар үйінде бірнеше адам Covid-19 вирусын жұқтырып, ол карантинге жабылған болатын. Ғасыр жасаған қария да кеселді сол жерде жұқтырған. Жалпы, ел бойынша ауру анықталғандар саны 3100-ден асты. Оның әлі де өсетіні анық. Еліміздің Бас санитар дәрігерінің өзі мамыр айында сырқаттар саны 5300-ден асады деп болжап отыр.

Бүгін Атырау облысында 3 науқастан коронавирус анықталды. Барлығы Теңіз кен орнының жұмысшылары. Мұнайлы өңірде індетті жұқтырғандар саны 131 болса, соның 68-і кен орнында еңбек ететіндер.

Вирус мыңдаған адамға таралып кетпес үшін Теңіз кен орнының жұмысшыларын үйіне жіберу туралы шешім қабылданған. Каратин аяқталғанша, әркім отбасының қасында болады. Бүгін Алматыға Теңізден 200 адам ұшақпен жеткізілді. Арасында Алматы облысының да тұрғындары бар. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерден бірден қан сынамасы алынды. Бәрі қатаң бақылауда болмақ.

Ақмола облысында 27 қария қауіпті кеселден құлан таза айығып шықты. Барлығы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұрады. Олардың арасында 5 мамыр күні 100 жасқа толатын Полина Силина әжей де бар. Аршалыда 20 күн ем қабылдаған қарттар өздерін ажалдан арашалаған дәрігерлерге дән риза.

Бүгін Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды. Оның екеуі – бала. Үлкені – 11, кішісі екі жаста. Індетті анасы да жұқтырған екен. Отбасы мүшелері бас қалада ауырған адаммен байланыста болған. Ал еліміздің батысында тұтастай бір ауыл карантинге жабылып, күзет күшейтілді.

Маңғыстау облысына қарасты Сенек ауылында 13 тұрғын коронавирус жұқтырған. Кеше 3-еуі анықталса, бүгін 10 адамнан табылып отыр.

Шымкент қаласында 8 тұрғынның қауіпті вирусты жұқтырып алғаны анықталып, дереу оқушауланды.

Лаура Нақыпқызы, Шымкент қаласының ДСБ баспасөз хатшысы:

- Қазір науқастардың жағдайы қанағаттандырарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша,  арқаны кеңге салуға ерте. Оның болжамынша, мамырда індет жұқтырғандар саны 5300-ге жетуі мүмкін.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас санитариялық дәрігері:

- Жекелеген аймақтарды қарасақ, вирус жұқтырғандар саны көбейді. Соңғы екі аптада өсім шекаралық аймақтан келген адамдар арасында тіркелді. Сондықтан карантиндік режимнің жеңілдетілгеніне қарамастан, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеуіміз керек.

Іс жүзінде Бас санитардың айтқаны айна-қатесіз орындалатын тәрізді. Бүгін коронавирус жұқтырғандар саны 3105 адамға жетті. 798 адам аурудан жазылған. Алматы облысы, Шымкентте тіркелген науқастардан зертханалық сынамалар алынып, байланыста болғандар жаппай тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.