{metadescription}
Алматыда бір субұрқақты күтіп-баптауға 6 миллион жұмсалады
Алматыда бір субұрқақты күтіп-баптауға 6 миллион жұмсалады

Алматыда бір субұрқақты күтіп-баптауға 6 миллион жұмсалады

Биыл Алматыдағы субұрқақтар 25 мамырға дейін іске қосылады. Қазіргі уақытта жаңа маусымға әзірлік басталды. Дегенмен дайындыққа карантиннің кесірі тигені рас. Өйткені облыстан қатынайтын жұмысшылардың көбі қала аумағына кіре алмай отыр.

Жанна Асанова, Eco Almaty серіктестігінің директоры:

- Алдыңғы жылдары мысалы, 25 мамырға дейін дайындығына сәйкес, субұрқақтарды ашатынбыз. Енді биыл қалай болатынын білмеймін. Жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр.  Бір су бұрқақты күтіп, баптап, таза ұстауға айына шамамен 500 мыңдай теңге кетеді.

Мегаполистегі субұрқақтардың жұмысына жауапты компания жоспарға сай кесте құрған. Серіктестіктің қарамағында 50-ге жуық нысан бар. Мамандардың айтуынша, әр маусымда бір ғана субұрқақты күтіп-баптауға 6 миллион жұмсалады екен. Алматыдағы субұрқақтардың тарихы тереңде жатыр. Сондықтан олардың сыртқы келбетін өзгертуге автордың рұқсаты қажет. Жаз мезгілінің көркін кіргізетін субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосылып, қазан айының 25-не дейін қала тұрғындарын қуантпақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.