{metadescription}
0:000:00
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа жоба іске қосылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа жоба іске қосылды

Елімізде жақыны жатсынып жәбір көргендер көбеюде. Ал карантин басталғалы бұл көрсеткіш тіптен үдеп кеткен. Осыған байланысты Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған дағдарыс орталығы жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Енді олар жапа шеккендерді панасына алып қана қоймай, оларға қатыгездік жасаған ер-азаматтармен жұмыс жүргізгелі жатыр. Бүгін осы мәселені қарастыратын жаңа жоба таныстырылды. 

Алматыда карантин басталғалы қиянат көрген қыз-келіншектердің саны 4 есеге күрт өскен. Көмек сұрап хабарласқан 500-ден аса жәбірленушімен қоса, есерсоқ күйеуіне естіртпеуге тырысқан 150-ге тарта қыз-келіншек хат-хабар жіберген. Жаңа жоба бойынша отбасында ашу-ызаға бой алдырып, жұдырық ала жүгіретіндерді жөнге салу көзделген. Агрессия деңгейін төмендетуге, мінез-құлықты өзгертуге, ашуды ақылға жеңдіруге үйрету үшін психолог пен психотерапевтер кеңес береді. Бір айта кетерлігі, мұнда келетін азаматтарды түскен арыз-шағым бойынша полиция өкілдері жібереді. Жаңа бастама қараша айына дейін жұмыс істейді.

Салтанат Маусейітова, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған дағдарыс орталығының психологы:

- Агрессорды әр адам өз істеген әрекетіне қарай жауап беретін мотивациясын жасаймыз. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – агрессор істеген зорлық-зомбылықты қылмыс екеніне көңіл аударып, өз мойнына бар жауапкершілікті алу және келешекте осындай агрессивті іс-әрекеттің қайталанбауына көңіл бөлеміз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.