Елорда әуежайы күніне 4 рейстен қабылдайды
Ертең ел астанасы мен Алматы арасында әуе қатынасы ашылады. Соған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында дайындық жұмыстарына қызу кіріскен. Елорда әуежайы күніне 4 рейстен қабылдайтын болады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
30.04.2020
Тура бір айлық үзілістен соң ел астанасындағы әуежай жұмысқа ертең кіріседі. Анығы, Алматы мен Нұр-Сұлтан аралығында әуе қатынасы басталады. Осыған орай әуежай қызметкерлері коронавирус жұқтырмағандарын растайтын арнайы тест тапсырып, тексерістен өтіп жатыр. Әуежай ғимаратында әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын меңзейтін мыңдаған ескерту жапсырмалары жабыстырылып, арнайы жолақтар тартылған. Яғни адамдардың арасындағы арақашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланады. Барлық жолаушылармен қоса шығарып салуға, қарсы алуға келгендерде де арнайы анықтама болуы шарт.
Назгүл Талипова, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:
- Күн сайын 4 рейс қабылданатын болады. Әр рейстен кейін әуежайда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Жолаушыларға көп жүк алмауға кеңес береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!