{metadescription}
Жәрдемақы: Үкімет ақшаны перзент санына қарай төлейді
Жәрдемақы: Үкімет ақшаны перзент санына қарай төлейді

Жәрдемақы: Үкімет ақшаны перзент санына қарай төлейді

Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері заңды түрде бекітілді. Бұрын мұндай отбасыларға тек жеті балаға берілген жәрдемақы төленіп келген. Енді Үкімет ақшаны перзент санына қарай төлейтін болады.

Бүгін Сенат жәрдемақы алатын көпбалалы отбасылардың ауқымын кеңейтті. Бұған дейін кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасылар ең әрі дегенде 74 мың теңге көмек алатын. Енді әр балаға төрт айлық есептік көрсеткіш негізінде, яғни 10 мың теңгеден астам жәрдемақы төленеді. Мәселен, сегіз балаға – 84 800, 9 балаға – 95 500, 10 балаға – 106 мың теңге және осылай кете береді. Ал елімізде 8-ден 15-ке дейінгі баласы бар екі жарым мың отбасы бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.