Ұлан сарбаздарымен төбелескен қарағандылық тұрғынға қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда Ұлттық Ұлан сарбаздарымен жаға жыртысқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Карантин тәртібін бұзып, саябақта баласымен серуендеген қала тұрғыны ескерту жасаған тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.04.2020
Бұл азаматты тәртіп сақшылары саябақта ұлымен серуендеп жүрген жерінде тоқтатқан. Карантин тәртібінің бұзылғанын түсіндіруге тырысқандарынан түк шығар емес. 26 жастағы қала тұрғыны сарбаздарға ара тұра атылып, жұдырық та сілтеп жүр. Ақырында үш сарбаз «боксшыны» сабасына түсірді. Бір қызығы, алғашында әлеуметтік желіде тараған видео осы жерден ғана басталған. Желідегілер сарбаздар жазықсыз жанды ұрды деп шулады. Видеоның толық нұсқасы бүгін жарияланып, жас жігіттің ерсі қылығы әшкере болды. Енді ол бұзақылық бабы бойынша істі болып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!