{metadescription}
Алдымен қорқытып, артынша арыз жазғызған – DOSFARM  
Алдымен қорқытып, артынша арыз жазғызған – DOSFARM  

Алдымен қорқытып, артынша арыз жазғызған – DOSFARM  

Алдымен қорқытып, артынша арыз жазғызған. Алматыда «DOSFARM» фармацевтикалық кәсіпорынның қызметкерлері шу шығарды. Сын сағатында күндіз-түні медициналық өнім дайындағандар басшылық мәжбүрлі түрде жұмыстан шығарғанын айтады. Қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз қалған 10 адам енді не істерін білмей отыр. Жұмысшылардың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Карантинде жұмыссыз қалған бұл қызметкерлер өздері істеген фармацевтикалық кәсіпорынды кешеден бері жағалап жүр. Жиналғандар:» «Басшылармыз қорқытып-үркітіп, мәжбүрлі түрде жұмыстан шығарды», - деп ашынады.

Гүлмира Ыдырысова, жұмысшы:

-Аяқ асты «жұмыстан шығасыздар» деді. Себебін сұрадым. Өнідірістегі жетпейтін өнімдерді мойындарыңа іліп, жұмыстан шығарамыз - деді. Себепті таба саламыз деп тұр ғой. Сол жерде бәріміз арыз жаздық. Алдын ала ескерту жоқ.  

Бір күнде 10 шақты адам далада қалған. Олар «DOSFARM» компаниясында медициналық өнімдерді дайындаумен айналысыпты. Дәрі-дәрмекке сұраныс артқанда артығымен жұмыс істегендер енді ешкімге керек емес. «Ең болмаса, уәде етілген үстем ақыны да алмадық», - дейді.

Айбибі Мұханжанова, жұмысшы:

Жұмыстан ешқандай ескерту алмадық. Керісінше, үстем ақы алып жүрдік. Жақсы жұмыскерлердің қатарындамыз. Карантинде жұмыс өте көп болды. Бір-бірімізге қарайтын мұрша болмады.

Жанайқайын жеткізгендер біздің көзімізше басышылыққа хабарласып, мән-жайды тағы білмек болды.

- Неге шығардыңыздар? Кеше мені еш себепсіз жұмыстан шығарып тастадыңыз. Ескертпедіңіздер. Сол себепті сұрап тұрмын, өтінемін, айтыңызшы.

- Өз еркімен жұмыстан шығарылды деген ақпарат бар менде.

- Бізді мәжбүрледі, егер шықпасақ, заңның бабы бойынша шығарамыз деді.

- Менде ешқандай ақпарат жоқ, егер сендер өз еріктеріңмен өтініш жазсаңдар, мен не істей аламын?  

Фармацевтикалық кәсіпорын өкілдері арнамызға сұхбат беруден бас тартты. Ал заңгерлер жұмысшылардың құқықтық сауаты төмен екенін ұтымды пайдаланатын компаниялар бүгінде көбейгенін айтады. Сондықтан мамандар басшылық қоқан-лоққы көрсетсе де, өз еркіңізбен жұмыстан шықпауға кеңес береді. «Ал шарасыз күйге түскен қызметкерлердің тығырықтан шығатын жалғыз жолы – бірлесіп жұмыс беруші мекемені сотқа беру», - дейді заңгерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде