{metadescription}
Молдовадан экстрадицияланған «Гарант 24 Ломбард» иесі абақтыға қамалды
Молдовадан экстрадицияланған «Гарант 24 Ломбард» иесі абақтыға қамалды

Молдовадан экстрадицияланған «Гарант 24 Ломбард» иесі абақтыға қамалды

Қаржы пирамидасына қатысты Молдовадан экстрадицияланған күдікті коронавирустан аман болып шықты. Кишеневтен келген Аслан Мырзабековті мамандар ұшақтан түскен бойда Ақтөбеде тексерген. Сынамасы еш қауіптің жоқ екенін көрсетті. 

Шетел асқан қашқынды карантинге жабудың еш қажеті жоқ. Ол онсыз да тергеу аяқталғанша бірнеше ай бойы абақтыда қамауда отырады. Себебі, Аслан Мырзабековке тағылған айып – ауыр. Сегіз мың тұрғынды сан соқтырып, он миллиард теңгені қалтасына басты деп күдікке ілінген. Оның 19 сыбайласы да қамауда. Қаржы пирамидасын құруға көмектескен тағы сегіз адамға іздеу жарияланды.

«Гарант 24 Ломбард» қаржы ұйымының иесі Мырзабеков елде шу шыққанда Ресей арқылы Молдоваға барып бой тасалаған еді. Ондағы тәртіп сақшылары қазақстандық әріптестерінің сұрауымен қашқынды бірден ұстап беріп, үш күн ішінде шұғыл жеткізген. Күдіктінің «ЕSTATE Ломбард» пен «Выгодный займ» пирамидаларына да қатысы бар. Осы ұйымдарға да құрылтайшы болған. Қазір мыңдаған тұрғынды сазға отырғызған пирамиданы құрғандардың барлығы Ақтөбеде тергеліп, сот процесі де осында өтеді. Өйткені күдіктілердің барлығы дерлік жергілікті тұрғындар және қаржылық ұйымды да осы жерден бастап ашқан.

Атығай Арыстанов, Ақтөбе облыстық ПД бастығы:

- Қылмыскер үш қаржы пирамиданың құрылтайшысы. Қаржы пирамидасы бүкіл облыстарда тәркіленді. Әдейі арнаулы тергеу тобы құрылды. Ол тергеу департаментінің басшылығымен жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде