ОПЕК: Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады
Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады. Өйткені бүгіннен бастап ОПЕК елдерінің келісімі күшіне енді – Қазақстан қара алтын өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге азайтуы тиіс.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.05.2020
Мұнай өндіруді қысқартуға оған деген сұраныстың төмендеуі себеп. Коронавирустың кесірінен, әлемде қара алтынды тұтыну азайып кеткен. Бір жағынан,тоқтаусыз өндірілген мұнай қоймаларды толтырған. Осының салдарынан мұнай құны минусқа дейін кетіп, антирекорд орнатқан болатын. Ал мұнай экспорттаушы елдердің өндіріс көлемін азайту жөніндегі келісімі бүгіннен күшіне еніп жатыр. Оған Қазақстан да қосылған. Үкімет қаулысына сәйкес, өндіріс орташа, ірі және алып кен орындарында шектеледі. Яғни, Қазақстан алдағы екі айда тәулігіне 390 мың баррель мұнайды аз өндіруі тиіс. Жалпы, ОПЕК плюстің келісіміне сәйкес, әлемдегі көмірсутек өндірісі 9 миллион 700 мың баррельге азаймақ. Шектеу бірінші кезекті мұнай бағасын көтеруге жасалып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!